Keibir nerseler ozgermeidi (iz Kazakhskogo originalnogo saudtreka "Kholodnoe serdce 2")
Жел міне салқындай түсті тағы
Күз бізге асығады
Аспанда бірақ бұлттар көшеді тізіле
Асқабақ та тыңайтқыш болады
Жапырақ түсіп гүлдер де солады
Бірақ көп заттар қалады өзгермей
Иә, өзгермейтіндер
Қолымнын жылы табындай
Мәңгі өшпейді
Арамыздағы жалындай
Алып қорғанға ұқсайды олар да
Көлемді, әдемі
Өзгермейтіндер
Құшағымдай саған шашқан нұр
Қол бұлғап шақырып күнде
Свен ал, келешекте мені күткендей
Қане әкел маған сақинаңды, берші күттірмей
Расында әлсіздеумін мұндайға мүлде
Бәрінде сезіп, біліп жүрсемде
Иә досым білмейді оны ешкім дәл мендей
Иә, өзгермейтіндер
Қайталанбайтын сезімдей
Мәңгі өзгермес
Бұғылардың мінезіндей
Тәуекел етсем, бәріне жетем
Жолын оның білемін, айтшы
Өзгермейтіндер
Свен ал көмектес маған сен
Бұл әлде жел ме
Естідім бе біреудің даусын?
Ұқпадым бұл не
Маған керек емес түкте басқа
Өмір әдемі, қалса екен өзгермей
Әттең көнбес уақыт
Бірақ мен ләззат алам әр сәттен
Жел таңға жететін болды
Сендер тағы есейдіңдер міне
Аспанмен бірге қане ән салайық бізде
Әрдайым біздер күлімдеп жүреміз
Әнге толы өмір сүреміз
Аспанның да күнде қалықтай желбіреп жалауы
Желбіреп жалауы
Желбіреп жалауы
Желбіреп жалауы
Өзгермейтіндер
Өтсе де қанша ай күнде
Өшпес сезімдер
Көңілді тербеп мәңгіге
Келеді күн ғажап, өткен күн сабақ
Тоқтамас уақыт бір
Өзгермейтіндер
Ал біз мәңгілік біргеміз
Мәңгілік біргеміз
Мәңгілік біргеміз
Мәңгілік біргеміз
Біз мәңгілік біргеміз